Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбелік полицейлер мектептегі әлімжеттік деректеріне қатысты тексеріс жүргізуде

  • AstanaTV
  • 28 желтоқсан 2017
  • 2904

Ақтөбе мектептеріндегі әлімжеттік деректеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Бұл жөнінде облыстық прокуратураның өкілдері хабарлады.

Жасұлан Дәулембаев, Ақтөбе облыстық прокуратурасының аппарат жетекшісі:

Көрінеу жалған ақпарат таратудың құқық бұзушылық құрамының болуы туралы мәселе бопсалау деректері туралы қылмыстық істің тергеу нәтижес ібойынша ғана шешілуі мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін жергілікті басылымдардың біріне білім ошақтарын күзетумен айналысатын патриоттық клуб мүшелері хабарласқан.Олар мектептерде әлімжеттік арқылы  ақша жинау деректері бар деген еді. Бұл ақпар бойынша қалалық ішкі істер бөлімі тексеру жүргізіп, басылым тілшісінен де жауап алынған. Алайда, ақпарат расталмады. Жалған мәлімет тарату дерегі прокуратураның нұсқауы бойынша уақытша тоқтатылды. Жағдай қазір прокурорлардың бақылауында. Сондай-ақ, шаһардағы мектептер мен колледждерге мониторинг жүргізілуде.