Русский Сайттың толық нұсқасы

Бірқатар азық-түлік түрлері қымбаттаған

  • AstanaTV
  • 28 желтоқсан 2017
  • 8482

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша бірқатар азық-түлік түрлерінің қымбаттағаны байқалды. Статистика комитетінің мәліметіне сай, ет өнімдерінің бағасы республика бойынша әсіресе Астанада артып кеткен. Жалпы ел аумағында сүт өнімдері 9,6 пайызға, кондитерлік өнімдер 6,9 пайызға, ас атасы - нан 3,1 пайызға қымбаттады. Балық өнімдері де алдағы жылға қарағанда біршама артқан. Картоп бағасы әсіресе Алматыда шарықтағаны байқалды. Яғни өнім құны 145 теңгеге жеткен. Алманың бағасы Ақтауда 476 теңгеге өскен. Қымбатшылық алкогольді ішімдіктерді де айналып өтпеді. Олар 10 пайызға жуық қымбаттаған.