Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда мектеп оқушылары шәкіртақы алады

  • AstanaTV
  • 28 желтоқсан 2017
  • 4235

Қызылжардағы мектептердің бірінде оқитын үздік оқушылар ай сайын шәкіртақы алады. Сауда-саттық саласында бизнесін дөңгелетіп отырған жергілікті кәсіпкер Андрей Исаков білімді оқушыларды ынталандыру үшін осындай игі бастаманы қолға алған. Ол үздік оқитын оқушыны өз атынан шәкіртақымен қамтамасыз етіп отыр. Балаларға қаражат тоқсан сайын емес, ай сайын төленеді. Бизнесменнің дәл осы мектепке қаржылай қолдау көрсеткені кездейсоқ емес. Меценат аталған оқу ордасында өзі білім алып, оны 1989 жылы тәмамдаған. Бүгінде білім ошағында 800-ге жуық бала білім алып жатыр. Шәкіртақы иегері төртінші сынып оқушысы Милена Лосева мұндай қолдаудың балаларды ынталандыратынын айтады.

Милена Лосева, Мүсірепов атындағы №43 орта мектептің оқушысы:

Мен ай сайын 15 мың теңгеден аламын.  Шәкіртақымды жинап жатырмын. Парижге барып, мәдени орындарды аралағым келеді.

Роза Сәрсен, Мүсірепов атындағы №43 орта мектептің директоры:

Былтырғы оқу жылының қорытындысы бойынша бізде 69 бала мектепті үздік бітірді. Қыркүйек айында Андрей Исаков оларды құттықтап, шәкіртақы берген болатын. Ал биылғы оқу жылынан бастап, шәкіртақы ай сайын берілмек. Бастауыш сыныптар 5-7 мың теңгеден, орта сынып оқушылары 15 мыңнан, ал жоғары сынып оқушылары 25 мың теңгеден алады. Қазір өзге мектептердің оқушылары да шәкіртақыға қызығып, бізге ауысып жатыр.