Русский Сайттың толық нұсқасы

Биылғы ірі кадрлық өзгерістер

  • AstanaTV
  • 29 желтоқсан 2017
  • 2845

Биыл биліктің жоғары мінберлерінде маңызды тағайындаулар болды. Бұған дейін Ресейдегі Қазақстан елшісі болған Марат Тәжин елге оралды. Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары, Сыртқы істер министрі, Мемлекеттік хатшы лауазымдарында болған тұлға Президент әкімшілігіндегі қызметіне қайта кірісті. Ал Ресейдегі елші қызметіне Үкімет басшысының орынбасары болған Иманғали Тасмағамбетов тағайындалды. Биыл Асқар Маминнен басқа премьер-министрдің үш орынбасары ауысты. Бұған дейін министр болған Асқар Жұмағалиев пен Ерболат Досаевтың лауазымы вице-премьерге өсті. Асқар Мырзахметовтың орнына «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқарған Өмірзақ Шөкеев келді. Ол Мәсімов үкіметі тұсында осы қызметті атқарған. Ал Ұлттық қорды Астана-ЭКСПО-2017 Ұлттық компаниясын басқарған Ахметжан Есімов тізгіндеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен бөлінген Денсаулық сақтау министрі қызметіне Елжан Біртанов тағайындалды.

Жыл аяғында құқық қорғау саласында да ауыс-түйіс болды. Жоғарғы соттың экс-төрағасы Қайрат Мәми Консититуциялық кеңесті басқарады. Жоғарғы сотқа басшы болып Жақып Асанов келді. Бас прокурор қызметіне Қайрат Қожамжаров тағайындалды. Ал мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігін оның бұрынғы орынбасары болған Алик Шпекбаев тізгіндеді. Елде бас мүфти де ауысты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы Ержан қажы Малғажыұлының орнына Серікбай Ораз сайланды.