Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде коммуналдық тарифтер бағасы өсті

  • AstanaTV
  • 03 қаңтар 2018
  • 2359

Жаңа жыл басталмай жатып, Ақтөбе халқы қымбатшылықты сезініп жатыр. Аймақта коммуналдық тарифтердің бағасы жаппай өскен. Мәселен, электр энергиясы бірден 10 пайызға қымбаттап шыға келді. Яғни бұған дейін тұрғындар әр киловатт сағатына 9 теңгеден сәл асатын ақша төлеп келсе, енді 10 теңге 35 тиын төлейді. Жылу бағасы да 10 пайызға артып отыр. Ал, ыстық судың әр текше метрі 252 теңгеден есептелмек. Ол бұған дейін 229 теңге болған. Сондай-ақ, көгілдір отын құны да шарықтап, тұрғындар үшін 8 пайызға өсті. Монополияға қарсы күрес департаменті қызметкерлерінің айтуынша, өзге тұтынушылар үшін газ құны 4 пайызға қымбаттаған. Бұл бизнесті қолдау үшін атқарылған жұмыс. Мамандар коммуналдық тарифтердің бұлайша қымбаттауын  жоспарлы өзгеріс деп түсіндірді 

Нұрлан Болатбаев, ТМР және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары:

«Көпқабатты үйлердегі тұрғындар шамамен, егер жалпыүйлік құрылғылары болған жағдайда 700-ден 900-теңгеден аса төлейтін болады. Егер жалпыүйлік есептеуіш құрылғылары болмаған жағдайда 900-ден 1200 теңгеге дейін төлейтін болады. Және бұл тұтыну нормаларына байланысты. 5 коммуналдық қызметті қоса есептегендегі өсім».