Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс депутаттары Ақмола облысының өндіріс орындарын аралады

  • AstanaTV
  • 03 қаңтар 2018
  • 3006

Жаңа жылдық демалыстарда депутаттар өңір аралауға шықты. «Нұр Отан» партиясының фракциясына қарасты бір топ мәжілісмен Ақмола облысындағы ірі кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті. 

Халық қалаулылары Степногор қаласындағы Еуропалық мойынтірек зауытын аралап көрді. Кәсіпорын жылына 1,9 млн бөлшек шығаруға қауқарлы. Бүгінгі күні зауыт ИСО 9001-2001 сапа менеджмент жүйесінің тәртібі бойынша жұмыс істеуде. Жұмыскерлердің орташа жалақысы 130-150 мың шамасында.

Жұмыс сапары барысында халық қалаулылары орталық аурухана қызметкерлерімен де кездесті. Тұрғындардың медициналық сақтандыру, әйелдердің зейнетке шығу жасы, зейнетақы қорындағы қаражаттың сақталуы турасындағы бірқатар сұрақтарына жауап берді.