Русский Сайттың толық нұсқасы

Мұнай бағасының өсуі АҚШ-тағы мұнай қорының азаюы мен Ирандағы жағдайға байланысты - сарапшы

  • AstanaTV
  • 04 қаңтар 2018
  • 3635

Мұнай бағасының өсуі АҚШ-тағы  мұнай қорының азаюы мен Ирандағы жағдайға байланысты. "Астана" арнасына сұхбат берген экономист Меруерт Махмутова осылай деп пікірін білдірді. 

Бүгін Brent маркалы мұнайдың баррелі 68 долларды құрады. Бұл 2015 жылдың мамыр айынан бергі болмаған рекордты көрсеткіш. Иран соңғы кездері қара алтын өндірісі көлемін тәулігіне 3,5 млнға баррельге дейін арттырған. Егер АҚШ-тағы қор азаятын болса, мұнай құны барреліне 50-55 долларға қайта түсуі мүмкін, - деп отыр сарапшы маман. Сондай-ақ экономистің айтуынша, Қазақстан биыл 86 миллион тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр. Ал бағаның өсуі Ұлттық қор мен бюджеттің кірісін арттыратын болады.

Меруерт Махмұтова,экономист:

Мұнайдың өндірісін қысқарту, шектеу, менің ойымша, мұнай нарығына онша қатты көп үлесін қоса қойған жоқ. Бірақ жалпы мұнайдың сақтап отырған көлемін төмендетті. Бізге оның түсіп жатқан пайдасы жоқ. Себебі өзіміздің Қашаған уақытында іске қоспай, өндіріс көлемі ұлғайған жоқ. Бізге өзі көп емес өндірісті қысқартудың, былайша айтқанда, маңызы жоқ.