Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар 50 000-ға тарта ескі көлікті утильдеуге өткізген

  • AstanaTV
  • 04 қаңтар 2018
  • 2749

Ескі көліктерді утильдеу бағдарламасы басталғалы қазақстандықтардан 47 мың 111 темір тұлпар қабылданды. Энергетика министрлігі мен РОП операторы бағдарламаның қорытындысын жариялады, - деп жазады Информбюро.

Толық жинақталған көлік үшін 150 мың, ал жартылай жинақталғандарына 48 мың теңге өтемақы тағайындалған. Жалпы, көлік иелеріне 5,98 млрд теңге төленді. Сондай-ақ жеңілдікті сертификатпен көлік қабылдау акциясы аясында 7239 сертификат берілген. Оның 5239-ы жаңа темір тұлпар сатып алуға пайдаланылған. Бағдарлама аясында Қазақстанда құрастырылған үш мыңға жуық көлік сатылды. Сертификаттар саны бойынша Шымкент қаласы көш бастап тұр, яғни - 1216 көлік. Екінші орында Қостанай - 971 және Алматы - 867 көлік тапсырған.