Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жазушы Жаппар Ералыұлының құрметіне ескерткіш тақта ашылды

  • AstanaTV
  • 04 қаңтар 2018
  • 5446

Алматыда қазақ әдебиетінің өркендеуіне үлес қосқан саңлақ жазушы Жаппар Ералыұлына ескерткіш тақта қойылды. Қаламгердің есімі жазылған тақта өмірінің соңғы жылдарын өткізген Құрманғазы көшесіндегі тұрғын үйдің қабырғасына ілінді. Мәдениет қайраткерінің мәртебесін асырған салтанатты шараға замандастары мен шәкірттері жиналды.

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген жазушы газет-журналдар мен баспа саласында жауапты қызметтер атқарған. Қазақ телевизия және радиохабарлары мемлекеттік комитетінің бас редакторы болып еңбек еткен. Өз шығармаларымен қатар аудармашылықты жанына серік еткен оның туындылары бірнеше рет кітап болып басылып шықты. Бүгінгі буын қаламгердің еңбегін бағалап, ескерткіш тақта арқылы ерекше құрметін көрсетіп отыр.

Софы Сматаев, жазушы, драматург:

Ол кісі мені жас кезімнен, 30-ға жетпей тұрған кезімде, баулып, қаламгерлікке алып келген бірден бір адам десем Мұхтар Әуезовтан кейінгі, осы Жаппар ағам деуші едім. Сондай азамат болған адам, тұлға болған, тұтқа болған адамның тақтасы ашылғанына өте мерейленіп қуанып тұрмын.