Русский Сайттың толық нұсқасы

Зарина Дияс Шараповадан жеңілді

  • AstanaTV
  • 04 қаңтар 2018
  • 2436

Зарина Дияс Мария Шараповаға тағы да есе жіберді. Осылайша, қазақстандық спортшы өз карьерасында үшінші сәтсіздікке ұшырады. Қытайдың Шэньчжэн қаласында өтіп жатқан ширек финал ойындарының екі партиясы да 6:3 есебімен аяқталды.



Ал астаналық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы шығыс конференциясының ең әлсіз тобы саналатын командадан жеңілді. Бұл «Барыстың»  алтыншы жеңілісі. Айта кетсек, осы жолғы ойынды команда бас бапкерсіз өткізді. Евгений Корешков жуырда отставкаға кеткен еді. «Юграның» плей-офф кезеңіне шығудан мүлде үміті жоқ болған. Алайда, Ханты-Мансийскіден келген топ жеңісті «Барыстан» жұлып алды.  Енді астаналық команданы төрт матчтан тұратын турне күтіп тұр. Алғашқы кездесу 9 қаңтарда Хабаровскінің «Амурымен» өтеді.