Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытай дарынды һәм талантты жандардың көшіп келуіне жағдай жасап жатыр

  • AstanaTV
  • 08 қаңтар 2018
  • 1717

Еуроодақ азаматтығына ие Британ ғалымдары жаппай елден кетіп жатыр. The Independent былтырдың өзінде Британиядағы оқу орындарынан 2300-дей профессордың кетіп қалғанын жазады. Мақалада, ауа көшуге Вrexit, оның ішінде шет елдіктердің құқығына қатысты беймәлім позиция себеп болып отыр, деп жазылған. Британия ғылым академиясы "бұлай жалғаса берсе, оқу орындарында сабақ беретін маман қалмайды" деп дабыл қағуда. Бәрінен де "Оксфорд" университеті зардап шеккен. Мәртебелі оқу ордасын 230 профессор тастап кетті. Бүгінде ол жерде Еуроодақ елдерінен барған 25000 оқытушы жұмыс істейді.

Ал бұл уақытта Қытай білікті мамандарды тартуға барын салуда. Тіпті 10 жылға дейін визасыз қатынау енгізді. Осылайша қытай билігі дарынды 50 мың шет елдікті өз елдеріне тартуды көздейді.