Русский Сайттың толық нұсқасы

Қуандық Бишімбаев тергеу кезінде нақты кімнен қысым көргенін сот алдында жайып салды

  • AstanaTV
  • 09 қаңтар 2018
  • 2744

Қуандық Бишімбаев тергеу кезінде нақты кімнен қысым көргенін жайып салды. Айтуынша, жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның тергеу департаменті басшысының орынбасары оны өзіне шақыртқан көрінеді. Бұл туралы экс-министр соттағы куәгерлігі барысында мәлімдеді. Ал, мемлекеттік айыптаушы Сәуле Сыдықова қамауға алынған шендінің Ұлттық бюро ғимаратында емін-еркін темекі шеккенін, "Газель" көлігімен тергеуге бармаймын деп қарсылық білдіргенін сот залында Бишімбаевтың есіне салды. Айыпталушы болса, "Бәйтерек Девелопменттің экс-басшысы Бақыт Жақсыбаев жемқорлық схемасын жасағанын мойындады. Бірақ соған қарамастан, мені де қамауға алды", дейді

Қуандық Бишімбаев:

Единственный человек, который, условно говоря, что-то может сказать или который хоть как-то со мной общался, Жаксыбаев, говорит, что я не причастен, а меня закрывают в ИВС.

Я прошу прощения, Ваша честь, я целый год молчал и всё это глотал. 10 января меня задержали, провели очные ставки с тремя незнакомыми мне людьми, которые сообщают о событиях, о которых я вообще ничего не знаю.

Айта кетсек, Бишімбаев қамауға алынғаннан бері алғаш рет сот алдында куәгерлік етіп жатыр. Ұлттық экономика министрі лауазымын сегіз ай атқарған Бишімбаев осыдан 1 жыл бұрын ұсталған. Оған "аса ірі көлемде пара алу", "сеніп тапсырылған мүлікті талан- таражға салу"  баптарымен айып тағылды. Қараша айынан бері өтіп келе жатқан сотта экс-шендіден басқа 22 адамның қылмыстық ісі қаралып жатыр. Олардың дені қылмысын мойындаған.