Русский Сайттың толық нұсқасы

Депутаттар әуежай мен вокзалдарда ХҚКО-ның бөлімшесін ашуды ұсынды

  • AstanaTV
  • 09 қаңтар 2018
  • 2801

Әуежай мен вокзалдарда халыққа қызмет көрсету орталықтарының бөлімшесін ашқан дұрыс. Бұл - Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолованың ұсынысы. Оралдағы «Смарт Орал» қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысқан депутат осылай деп мәлімдеді. Орталықта 600-ден астам қызмет түрі көрсетіледі. Бұл Елбасының халыққа көрсетілетін қызметтерді цифрландыру туралы тапсырмасына және «Бір терезе» қағидасына сәйкес. Орталықта құқықтық қызмет көрсету, прокуратура, адвокат, нотариус пен медиаторлар да орналасқан. Яғни кәсіпкерлер де бүкіл шаруасын осы жерден бітіреді. Депутат мұндай орындарды көптеп ашса халыққа қолайлы боларына сенімді.

Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Аэропортта осындай көмек көрсете алатын орын алатын болса, бір орын ғана. «Сізде қарыз бар» деп айтқанда, сол кезде үйден алдыртасыз ба, әлде қалтаңыздан ақшаны шығарасыз ба, сол орында төлеп, ары қарай жолыңызға кете берсеңіз, сол адамға ыңғайлы болар еді дейміз.