Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы депутаттардың назарында

  • AstanaTV
  • 09 қаңтар 2018
  • 2997

Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарымен Алматы облысына барды. Көксу ауданының жастары әсіресе Серік Сәпиевпен кездесуді асыға күткен. Жергілікті халық оны олимпиада чемпионы ретінде жақсы таниды. Атақты боксшы спорт мектебінде болып, жеткіншектерге бірнеше әдісті көрсетті. Қолтаңба берді.

Депутаттар аудандағы тауарлы сүт фермасының жұмысымен де танысты. Кәсіпорындағы 200-дей сиырдан тәулігіне 2000 тонна сүт алынады. Кешен толығымен автоматтандырылған. Мемлекеттік бағдарламалардың жоспарға сай орындалуы да назарда.

Аймақта «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында құрылыс қарқын алған. Талдықорған қаласында биыл 700-дей пәтер ел игілігіне берілуі тиіс. Депутаттар құрылысшылармен кездесіп, жұмыс барысымен танысты. Мемлекеттік бағдарлама бойынша қолға алынып, бүгінде жұмысы тоқтап тұрған құрылыс нысандарында болды. Ұлттық қордан бөлінген қаржыға 5 көп қабатты үй құрылысы 2015 жылы басталған. Алайда тапсырыс беруші мен мердігердің келіспеушілігі салдарынан ғимараттар бітпей тұр. 

Әбдіманап Бектұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

2,4 млрд ақша берілген. Оны облыс емес, "Бәйтерек" холдингі салу керек болатын. Оған байланысты сот процестері жүріп жатыр. Бұл мәселе облыстық әкімдік қолға алып, шешілу үстінде. Шешіледі деп ойлаймыз.