Русский Сайттың толық нұсқасы

Қаржы министрі бюджет теңгелерін игермеген шенеуніктерді жауапкершілікке тартуды сұрады

  • AstanaTV
  • 11 қаңтар 2018
  • 2742

Бюджет қаржысын игермеген орталық мемлекеттік органдар, министрдің орынбасарлары және комитет төрағалары деңгейіндегі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылсын. Үкіметтің биылғы алғашқы отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осындай ұсыныс енгізді. Өйткені иегірілмей қалатын қаржы жыл сайын өзекті мәселе болып отырғаны белгілі. Дегенмен 2017 жылы бюджеттің шығыс бөлігі 99,8 пайызға орындалғанын жеткізді министр. Мұны ол рекордық көрсеткіш деп атады. Ал игерілмеген сома 21 млрд теңге шамасында немесе жалпы шығыстардың көлемінен 0,2 пайыз.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

2017 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Үкіметтің отырысында бюджет қаражатын игеруде белгілі бір тәуекелдер айтылған болатын. Алдымызда Парламентте жылдық есеп нәтижелерін талқылау тұр. Онда міндетті түрде жауапкершілік туралы сұрақ туындайтын болады. 

Үкімет «төртінші өнеркәсіптік революциялық жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасы жолдауында көрсетілген тапсырмаларды орындауға кірісіп кетті. Бақытжан Сағынтаев 10 бағытты айқындап, жауапты министрліктерге тиісті шаруаларды жік-жігімен жүктеп берді. Мәселен, ақпарат және коммуникациялар министрлігіне маңызды құжатты халыққа түсіндіру үшін медиа-жоспар жасауды тапсырды. Энергетика министрлігіне баламалы қуат көздерін дамытуға инвестиция тарту үшін жағдай жасау тапсырылды. Бір ай ішінде қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытылы утильдеу және қайта өңдеу бойынша жол картасы дайындалуы керек. Ұлттық экономика министрлігіне «Самұрық-Қазына» қорының акцияларын IPO-ға сәтті шығару бойынша тапсырмалар міндеттелді. Ал білім және ғылым министрлігіне мұғалімдердің жалақысын 30% көтеру міндеті жүктелді.