Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда 1 млнға жуық адам кірісін заңдастыруы керек - Еңбек министрлігі

  • AstanaTV
  • 11 қаңтар 2018
  • 2818

Елде 940 мыңдай адам жалақыны "конвертпен" алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Демек, бұл азаматтар ешбір салық төлемейді, зейнетақы қорына қаржы аудармайды. Сондай-ақ жаппай сауланама барысында 178 мың адам өзін жеке кәсіпкермін деп көрсеткен. Бірақ еш жерде тіркелмеген. Бұл Қаржы министрлігінің мәліметі. Қазір осы миллионға жуық адамның кірісін заңдастырумен Қаржы министрілгі айналысуда. Сондай-ақ жеке кәсіпкер ретінде тіркелу барынша жеңілдетілген,- дейді вице министр.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:

Ойлап қараңыз, 940 мың адам жұмыс істейді, жалақы алады. Бірақ бюджетке міндетті төлемдерді, зейнетақы аударымдарын жасамайды. Өзінің қартайған шағын ойламайды. Әлеуметтік сақтандыру қорына да ақша аудармайды. Болуы мүмкін қауіптерді мүлдем ойламайды.

Шенеуніктер есебінше, Қазақстанда 5 миллионнан астам адамның әлеуметтік статусы анықталмаған. Оның ішінде 504 мыңдайы - өзге аймақтарға немесе шетелге қоныс аударғандар. 120 мыңнан астамы - студенттер. 17 мыңдай адам марқұм болғандар санатында. Биылғы Президент жолдауында, аталған министрліктің "азаматтардың өз-өзін жұмыспен қамтуы" бағытында атқарған жұмысына сын айтылған болатын. Мемлекет басшысы жариялаған басты құжатта: "Мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәселесін қарастыру жөнінде бірнеше рет талап қойғанмын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл іске жауапсыздық танытып, ат үсті қарап отырды",- делінген.