Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облыстық мәслихат депутаты колледж студентіне қолдау көрсетті

  • AstanaTV
  • 15 қаңтар 2018
  • 2621

"Жетім көрсең жебей жүр". Қостанай облыстық мәслихат депутаты, "Нұр Отан" партиясының мүшесі колледж студентіне қолдау көрсетіп, оқуының ақшасын төлеп берді. Ол ата-әжесінің қамқорлығында қалған Алексей Деруновқа оқуын бітіргенше қаржылай демеушілік жасамақ ниетте. Осыдан бір ай бұрын қоғамдық қабылдауға Федоров аудандағы футбол клубы директоры, "Жас Отан" жастар қанаты аудандық филиалы төрағасы өтінішпен келген. Ол клубтың бұрынғы тәрбиеленушісі Алексей Деруновтың оқуын жалғастыруға демеуші іздепті. Колледждің ақылы бөлімінде білім алып жатқан студенттің отбасылық жағдайы оқу ақысын көтере алмаған. Ата-әжесінің қолында өскен Алексей спортқа құмар. Жастар арасындағы "Жаркөл" футбол клубында белсенді ойыншы атанып, көптеген жарыстарда аудан атын шығаруға ат салысқан. 

Юрий Малышко, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Кейінгі  жастарға  қолдау көрсету - алдыңғы буын өкілдерінің мақсат-мүддесі болуы тиіс деп ойлаймын. Біз артымызға үлгі боларлықтай, өнеге аларлықтай із қалдыруымыз керек. Ал әлгі студенттің оқуға деген құлшынысы зор. Тек қолдап, демеп жіберсек болғаны.