Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысының Приречное ауылының жұрты бұрынғы әкімдерінің қайтадан сайлауға түсуіне қарсы

  • AstanaTV
  • 04 тамыз 2017
  • 3237

Сайлау науқаны басталмай жатып, Ақмола облысының Приречное ауылының жұрты бұрынғы әкімдерінің қайтадан сайлауға түсуіне қарсы шықты. Диана Сапарқызы ауыл халқымен кездесіп, себебін біліп келді.

Приречное ауылының жұрты әкімдеріне өкпелі. Айтуларынша, ақжағалы өзіне артқан міндеттерді орындамай келеді. Ауылдың күйі ол келген 4 жыл ішінде бір өзгермеді дейді. 

Ақтан Айман, ауыл тұрғыны:

Әкім сайлансын, сайланбасын, бізге бір жұмыс істейтін кісі керек. Кімнен болса да. Облыстан келе ма, ауданнан келе ма, егер әкім жұмыс істей алады, халықтың қалулысы болып жағдайды жақсартатын әкім болса, тұра берсін. Әйтпесе мына кешке дейін дау-дамай.

Ттұрғыны бар ауылда су тартылмаған екен. Ауыл тұрғындарының бірі - Зәуреш Оразбаева. 60 жастағы зейнеткер қысы-жазы көрген күніміз азап дейді. Қыстың қақаған аязы мен жаздың аптап ыстығында ауылдың шетіндегі құдыққа ағылады. Тіпті ұзын-сонар кезекке тұрамыз деп отыр.

Зәуреш Оразбекова, ауыл тұрғыны:

Міне сол жұмыс істесе біздің әкім, ондай болмаушы еді. Тіпті судың өзі жоқ мінекей. Күллі адамдар судан құр қалып, су іздеп жүргеніміз. Водокачка сол жаққа барамыз. Су болсын дейміз, кішкене адамдарға қарасып, жеңілдік жақсылық жасау керек қой.

Судыңда сұрауы бар. Осындағы жергілікті тұрғын әр кәтке суға екі теңгеден төлейді екен.

Бір ауылдың бір шетінде тұрамыз. Бір шетінен бір шетіне тасу өте қиын ғой.

Ауыл тұрғындары малға жайылымдық жер де жоқ деп отыр. Сондықтан мал ауылдан әрі аса алмайды.

Ақтан Айман, ауыл тұрғыны:

Халыққа жаны ашитын үкімет бар ма жоқ па, ал енді мына жерді халықтан тартып алғанда, жарымай отырған да олардың байығаны не керек, әнеу күні бір адамдар ауылдағы жерді сатып алғанда, әкім болды. Сонда әкім айтты: "Сенің бір сиырыңнан, біздің бір түйір картошка артық", - деді.

Диана Сапарқызы, тілші:

Тұрғындардың мәселесімен ауыл әкіміне келген едік. Алайда біз орнынан таппадық. Қызметкерлердің айтуынша, Ақмол ауданында қалалық мәслихаттың сессиясында екен.

Ал ауыл әкіміне телефон арқылы да хабарласып көрген едік, жауап бермеді. Ауыл халқы Целиноград аудандық мәслихатына арызданған. Әкімнің сайлауға түсуіне қарсы болған 128 адам арызға қол қойған.