Русский Сайттың толық нұсқасы

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2018 жылдың соңына дейін жекенің қолына өтуі мүмкін - Ғ.Тәжияқов

  • AstanaTV
  • 16 қаңтар 2018
  • 2524

«Ақпаратты қызметшілеріңізден сұрамай, басыңызда сақтаңыз». Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында Ұлттық экономика министріне осындай сын айтты. Тимур Сүлейменов жекешелендіру бағдарламасы бойынша есеп берген еді. Жекешелендірілген мемлекеттік нысандардың орнына тағы 168 жаңа нысан құрылған. Қалай құрылғанын министр түсіндіре алмады.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Вы теперь говорите, после инвентаризации появились еще 168 новых объектов. Инвентаризацию завершили, перечень объявили, почему новые появляются? Мы же будем бесконечно так работать.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Мы, Бахытжан Абдирович, если не возражаете, более подробную справку дадим по причинам.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Тимур Муратович, вы пришли сегодня с докладом. В голове надо держать, а не потом у своих подчиненных затребовать справку. Вот поэтому у вас появляются новые предприятия, нет никакого контроля абсолютно, что хотят, то и делают.

Жекешелендіру бағдарламасы аясында "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін" де жекенің қолына өткізу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл туралы «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының орынбасары Ғалымжан Тәжияқов айтты.

Инвестициялық ұсыныс беріңдер деп, 420 ықтимал инвесторға сауал жолданған. Оның арасынан 249 инвестор қызығушылық танытыпты. Ал 2017 жылдың соңында 14 ықтимал инвестордың пулы жасақталған. Тәжияқовтың айтуынша, "Азия даму банкі" сияқты халықаралық деңгейдегі бірнеше ірі инвестор да қызығып отырған көрінеді.

Ғалымжан Тәжияқов, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасының орынбасары:

Бүгінде инвесторлар банкке кешенді сараптама жүргізуді бастап кетті. Бұл кешенді жұмысты 2018 жылдың бірінші шілдесіне дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Оның қорытындысы бойынша тамыз-қыркүйек айларында қызығып отырған соңғы инвестордан ұсыныс қабылдаймыз. Сөйтіп, бұл шарт 2018 жылдың соңына дейін аяқталады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ