Қазақстан
2020 жылға дейін халықаралық көлік-логистика қызметінен 5 миллиард долларға
дейін табыс таба алады. "Атамекен" ҰКП комитет төрағасы Мұрат Әбенов
осындай болжамымен бөлісті. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында
президенттің биылғы халыққа арнаған Жолдауы талқыланды.
Палата өкілінің сөзінше,
тасымалдың ерекше жүйесін құру арқылы мол пайдаға кенелуге болады. Бұл Жолдауда
айтылған көрсеткіштерге қол жеткізуге таптырмас мүмкіндік. Қазақстан аумағы
арқылы өтіп, Қытай мен Еуропаны жалғайтын транс-құрлықтық дәліз өткен жылы іске
қосылды. Жезқазган-Бейнеу бағытында темір жол іске қосылды. Көлік ағыны Баку
арқылы тауарды жаңа магистральмен түріктің Карс қаласына жеткізеді деп
жоспарланған. Қазақстандық компаниялар көлік-логистика қызметі бизнеске жаңа
мүмкіндік береді деген сенімде
Мұрат Әбенов, ҚР "Атамекен" ҰКП комитет төрағасы:
Қазақстан
тауарды Қытайдан Еуропаға тасымалдау бойынша толыққанды көліктік, логистикалық
орталыққа айналды. 2020 жылға дейін 5 миллиард доллар көлемінде табыс табуға
мүмкіндігіміз бар.