Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде жұмыс орындарын сақтау жөнінде 115 134 меморандум бекітілген

  • AstanaTV
  • 16 қаңтар 2018
  • 2403

Елде жұмыс орындарын сақтау жөнінде 115 134 меморандум бекітілген. Бұл құжаттар республикадағы 3 миллионға жуық жұмыскерді қамтыған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникация қызметі алңында ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым мәлімдеді. Елбасының Жолдауында Қазақстанның Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне табысты әлеуметтік бейімделуі үшін жаңа міндеттер қойылған. Яғни кәсіподақтар әлеуметтік-еңбек қатынастары мен әлеуметтік серіктестік мәселелерін көтеру қажет екендігі де айтылған. Брифингте кәсіподақтар федерациясының төрағасы жолдауды жүзеге асырудағы жоспарларын да айтты. Бақытжан Әбдірайымның айтуынша, алдағы он жылдықта әлемде бірқатар мамандықтар жойылып, олардың орнын сандық және роботтандыру жүйесі алмастырады.

Бақытжан Әбдірайым, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

Жақындағы 5-10 жылдықта мамандықтардың көбісі жойылып кетеді. Жойылу қауіпінде тұрған кәсіптер ол - заңгер, есепші, кітапханашы, қаржыгерлер. Және басқа да автоматизация мен роботизация жасауға болатын мамандықтар да бар. Әлем соған бара келе жатыр. Біз сіздермен бірге оған куә боламыз.