Русский Сайттың толық нұсқасы

Н. Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары кезінде 7,5 млрд долларды құрайтын 20-дан аса коммерциялық құжатқа қол қойылды

  • AstanaTV
  • 17 қаңтар 2018
  • 4623

АҚШ пен Ресей қарым-қатынасының үзілуі бізді де алаңдатады. Америкаға ресми сапармен барған Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Оған қоса, Солтүстік Корея проблемасын да АҚШ, Қытай және Ресей үшеуі бірлестіп шешуі тиіс деп есептейді. Президенттің Америкаға сапары үш күнге ұласады. Уақыт белдеуі айырмашылығына байланысты екіжақты кездесулер нәтижесі түнде ғана белгілі болды.

Қос президенттің Ақ үйде осылайша қол алысуына дейін, сан түрлі божамдар айтылып, сарапшылар толассыз пікір білдірумен болды. Саясаттанушылардың болжамы расталғандай. Екі тарапқа да маңызды геосаяси мәселе бүгінде Ауғанстандағы ахуал болып тұр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Присутствие американских войск в Афганистане - это дело не только США, но и всего мира. Противостоять новому очагу терроризма - и это задача всех нас, соседей Афганистана. Господин президент, Казахстан за эти годы оказал гуманитарную и техническую помощь на 75 млн долларов, обучает тысячи молодых афганцев профессиям, которых у них не было, направив на этот 50 млн долларов.

СВS арнасының мәліметінше, АҚШ Ауғанстанның қорғаныс саласы шығындарының 90 пайызын жауып отыр. Ол үшін жылда 4 млрд доллар бөледі. Оған қоса, республиканы қалпына келтіруге 30 млрд доллар бөлінді. Президент Ашраф Ғанидың айтуынша, Ауғанстан аумағында 21 халықаралық лаңкестік ұйым топтасқан. Экономикаға келсек, іскер топ өкілдерінің кездесуі нәтижесінде құны 7,5 млрд доллар болатын 20-дан аса келісімшартқа қол қойылды. Жаңа "Боинг" сатып алу, электровоз құрылысы, аграрияға инвестиция дегендей. Кездесуде перезиденттердің отбасындағы жаңалықтар да ұмыт қалған жоқ. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Вы провели поразительную реформу налоговую, я это поддерживаю, потому что я это сделал лет 5 назад. У нас корпоративный налог на 20%, подоходный налог на 10% для всех. Поздравляю Вас с годовщиной вашего президентства, поздравляю Вас с рождением 9-го внука, господин президент. И хочу вам сказать, что в прошлом году у меня родился 10-ый.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

Ширек ғасырдан астам уақыт бойы АҚШ Қазақстанды мықты, егемен әрі тәуелсіз ел, Орталық Азиядағы маңызды дос және стратегиялық серіктес ретінде қарастырып келеді. Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бір болу - біз үшін маңызды. Ол кез 1991-жылдың "Рождество" мерекесі болатын.

Екеуара кездесуден соң өткен брифингте Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Корея мәселесі де шет қалмағанын атап өтті. Оның ойынша түйткілді АҚШ, Қытай, Ресей үшеуі бірігіп шешуі тиіс. Сондай ақ, АҚШ пен Ресей қарым-қатынасының үзілуі де көрші ретінде алаңдатады деді. Кейбір сарапшылар Астана Мәскеу мен Вашингтонды бітістіруге септесуі мүмкін деген пікірде. Бұған дейін Түркия мен Ресейдің татуласуы іспетті. Ал ертең Бірікен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі алдында сөз сөйлейтін Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан проблемасын шешу жолдарын ұсынады. Саясаттанушылар бұл ретте  "Астана процесі" тәжірибесін де қолдануға болады, дейді. Еске салайық, Қазақстан осы айда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде сайланған.