Русский Сайттың толық нұсқасы

Әзірбайжан банкіне салынған БЖЗҚ қорының қаржысын жоғалтқан жоқпыз - Б.Сұлтанов

  • AstanaTV
  • 17 қаңтар 2018
  • 2730

Әзірбайжан банкінде қалған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржысын қайтара аламыз ба? Мәжілістің жалпы отырысында депутат Владислав Косарев қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа осындай сұрақ қойды. Бүгін төменгі палата Қазақстан мен Әзірбайжан арасында табыс пен мүлікке қосарланған салық салмау жөніндегі конвенцияға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын қараған еді.

Владислав Косарев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «ҚКХП» фракциясының жетекшісі:

Әзірбайжанда тұрып қалған зейнетақы қорындағы ақшаның тағдыры не болды? Осы келісім арқылы ақшаны қайтару үшін Әзірбайжанның қаржы органдарына әсер ете алмаймыз ба?

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

Біз бұл қаржыны жоғалтқан жоқпыз. Егер банк шынымен банкрот болса немесе несие берушілердің басым бөлігі қарыздың қайта өзгеріспен төлену жүйесін қолдамаса, қауіп болар еді. Бүгінде банктің ол облигациялары Әзірбайжанның тәуелсіз облигацияларына ауыстырылды. Нәтижесінде 250 млн долларды 3,5 пайыздық мөлшерлемемен қайтару үшін, қайтару мерзімі 15 жылға ұзартылды. Бұл қағаздар өтімді болып саналады. Сондықтан ол ақшаны жоғалттық деуге болмайды. Негізгі сома жоғалмайды.

Естеріңізге сала кетсек, елдегі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Әзірбайжанның халықаралық банкіне 71 млрд теңгеден астам қаржы салған. Ал былтыр мамыр айында ол банк банкрот болғанын жариялады. Қаражат әлі қайтарылған жоқ.