"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" жекешелендірілгенімен, несиелендіру мөлшерлемесінің жеңілдіктері және мемлекеттік сыйақы өз күшінде қалады. Жаңа инвестор келсе, "Нұрлы жер" бағдарламасы да тоқтамайды. Нақтыланған ақпаратты банктің баспасөз қызметі таратты.
Қаржы
ұйымы акцияларының тек миноритарлық бөлігі ғана сатылады. Сондықтан мемлекет
негізгі акционер ретінде қала береді және банк өзінің барлық әлеуметтік
функциялары мен міндеттемелерін сақтап қалады делінген хабарламада. Ал банк
іздестіріп жатқан халықаралық тәжірибесі бар жаңа стратегиялық серіктес банкті
дамытуға ден қоймақ.
Айта кетейік, бұған дейінгі үкімет отырысында "Тұрғын
үй құрылыс банкін" сатып алуға қызығушылық танытқан бірқатар инвестор бар
екені белгілі болды. Қаржы ұйымы жыл аяғына дейін жекешелендірілмек.