Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскемендегі трамвай паркі электр жарығынан ажыратылды

  • AstanaTV
  • 17 қаңтар 2018
  • 2467

Өскеменде трамвайлар тоқтап қалуы мүмкін. Өйткені трамвай паркінің электр энергиясына берешегі шаш етектен. Енді энергетиктер 23-ші қаңтар күні сағат 10:00-ден бастап кешкі 17:00-ге дейін қуат беруді тоқтатпақ.

«Шығысэнерготрейд» ЖШС мамандары соңғы екі жыл бойы жарық ақысын төлей алмаған парктің ісіне көз жұмып келгендерін айтады. Қазір қарыз 70 миллион теңгеден асып жығылған. Осылайша барлық келісімдердің күші жойылып отыр. Электрді уақытша тоқтату туралы облыстық және қалалық әкімдікпен қадағалаушы орган өкілдері сондай-ақ төтенше жағдай мамандары құлағдар. Трамвай паркі қарыздан құтылуға қауқарсыз. Белгілісі инвесторлармен келіссөздер жүріп жатыр. Қалалық әкімдік трамвайлар жүруін тоқтатса, олардың орнына жүретін автобус маршруттарын дайындап қойған.

Назым Олешкевич, "Шығысэнерготрейд" ЖШС басшысының орынбасары:

Біз олармен келісімшарт жасасқанбыз. Алайда қалалық трамвай паркі қарызын төлеуге қауқарсыз болып отыр. Қарызы да 70 млн-нан асып жығылды. 2018-ші жылы ешқандай төлем түскен жоқ. Біз энергияны шектеу туралы шешім қабылдадық.