Русский Сайттың толық нұсқасы

Мысырдан депортациялануы тиіс студенттердің елге қашан келетіні белгісіз

  • AstanaTV
  • 03 тамыз 2017
  • 2338

Египеттегі 6 қазақстандық студенттен әлі де хабар жоқ. Олардың елге қашан қайтатынын Қазақстанның Египеттегі консулдығы не Сыртқы істер министрлігі хабарламай отыр. Туыстары құзырлы органдардан хабар күтуге мәжбүр.

Ермек, Еламан Жазылханның ағасы:

Өзімізге ешқандай байланысқа шыққан жоқ консулдан не болмаса мына жердегі министерстводан, Жайнақовтан пресс-секретарьдан әлі нақты ақпарат алған жоқпыз.  Өзіміз хабарласып не істеген жоқпыз. Енді өздері хабарласқанда, өздері ұшқан уақытты, келетін уақытты айтамыз деп, уәде берген. Одан кейін хабар алған жоқпыз.

Айта кетсек, Египетте ұсталған қазақстандық 6 студент елге депортацияланатын болған еді. Бұл хабарды Египеттің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Қазақстан Сыртқы істер минситрлігіне хабарлаған.