Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы әкімдігі жол ақысын көтеруді қарастырады

  • AstanaTV
  • 18 қаңтар 2018
  • 2125

Алматы қалалық әкімдігі "Оңай" картасымен 150 теңге, қолма-қол төленсе, 200 теңге етуді сұраған көлік тасымалдаушы компаниялардың арызын қарайтын болады. Егер қажеттілік болса, қалалық мәслихатқа ұсыныс тастамақ. Әкімдік өкілдерінің ақпаратына сүйенсек, қазір қаладағы қоғамдық көлікпен қатынаушылардың 90 пайызы "Оңай" картасын пайдаланады.

Мақсұт Исахов, Алматы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

Қазір хат жолданды. Ол бізге түсті. Қазір қарастыру үстінде. Бұл жерде айта кету керек тарифті көтеру немесе түсіру мәселесін қалалық мәслихат қана қарастыра алады. Қалалық әкімшілік ұсынысымен. Ал дәл қазір көтеріле ме, қаншаға деген туралы мәлімет бере алмаймын. Айтып отырмын ғой, хат екі күн бұрын ғана түсті. Ол қазір қарастырылу үстінде.

Бұған дейін қоғамдық көлік компанияларының қауымдастығы жол жүру құны өзгермесе, жаңа автобустар алу, көліктерді талапқа сай жөндеу мен оның өзге де қажеттіліктерін алу мүмкін болмайды деп, өз талаптарын жеткізді. Қалалық әкімдік биыл тағы 42 маршрутқа бюджет есебінен субсидия бөлуге дайын. Ал шаһардағы 18 тасымалдаушы компанияны 15-ке дейін қысқарту жоспары да бар. Пайдасынан шығыны көп 4 автопарк жабылады.