Русский Сайттың толық нұсқасы

Тойда жастар мінген тік ұшақ жарты сағатқа 275 мың теңгеге жалға алынған

  • AstanaTV
  • 03 тамыз 2017
  • 3569

Шымкентте шаңырақ көтеріп жатқан жастар мінген тікұшақ небары жарты сағатқа 275 мың теңгеге жалға алынған болып шықты. Ол сондағы мұнай  компанияларының біріне тиесілі болған. Компания өкілдері қосымша қаржы табу үшін тікұшақты жалға беріп отырған және, мұнда ешбір заңбұзушылық жоқ, деп мәлімдеді.

Мына кадрлар әлеуметтік желілерді шарлап кеткен болатын. Қымбат көліктегі той кортежіне тікұшақ та ерген. Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті мамандары қазір тікұшақтың жерге тым жақын ұшуына байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ертең мән-жайды жария етпек.