Русский Сайттың толық нұсқасы

Тобыл өңірінің диқандары «Азық -түлік» корпорациясы енгізген ережеге наразылық білдірді

  • AstanaTV
  • 19 қаңтар 2018
  • 2378

Тобыл өңірінің диқандары «Азық-түлік» корпорациясы енгізген ережеге наразылық білдірді. Корпорация, квотамен астық тапсырған шаруалар бидайды қоймада сақтау үшін қосымша ақша төлеуі тиіс, деген талап қойған көрінеді. Облыстық фермерлер одағының төрағасы Владимир Дранчук осылай деп отыр. Егер аймақ диқандары квота бойынша 643 мың тонна астық тапсыратын болса, қоймада сақталған 90 күнге 643 миллион теңге төлеуі тиіс екен. Шаруалар бұл талапқа қарсылық білдіріп, Ауыл шаруашылығы министрілігіне хат жолдапты. 

Владимир Дранчук, облыстық фермерлер одағының төрағасы:

Бұл талапты заңсыз деп ойлаймыз. Өйткені корпорацияның оператор ретінде жаңа ереже енгізуге құқығы жоқ. Біз Ауыл шаруашылық министрлігіне хат жолдап, осы түйткілді оңтайлы шешіп беруін сұрап отырмыз.

2017 жылдың соңында Үкімет диқандардан барлығы 2 миллион тонна астық сатып алу жөнінде шешім қабылдаған еді. Тек қостанайлық шаруалар квота бойынша 643 мың тонна бидай тапсыруы тиіс. Әзірге тек ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тарапынан 175 мың тонна өнім өткізуге өтініш түскен.