Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұстаздар мұғалімдерге лайықты жағдай жасалмай отырғанын айтты

  • AstanaTV
  • 19 қаңтар 2018
  • 4258

Президенттің биылғы Жолдауының «Адами капитал - жаңғыру негізі» деп аталатын жетінші бөлімінде білім берудің сапасын көтеру, педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керектігі айтылған. Ал қазіргі ахуал қандай?

Мейіржан Темірбек, ШҚО Тарбағатай ауданы Ақмектеп орта мектебінің мұғалімі:

Телефон арқылы электронды күнделікке кіру үшін интернеттің жағдайы көтермейді. Білім туралы заңның 52-бабында әлеуметтік кепілдер деген бар. Сонда жылда мұғалімге отын-суға ақша береді. Содан дым да алған жоқпыз. Канцелярский товарлардың бәріне ақша бөлінбейді. Не керек, мектепке, мұғалімге, соның барлығын өздері сатып алады ғой. Біз ерінбей, бәленбей мұғалім отырып есептедік, сонда бір жылда бір мұғалімге 18 пачка ақ қағаз кетеді. Оның принтері бар.

Аятжан Ахметжан, "Қазақстан ұстаздар қауымдастығының" құрылтайшысы:

Президент жолдауында да айтты жаратылыстық пәндерге басымдылық беру, кейбір жаратылыстық пәндерді ағылшын тілінде оқыту. Ол химия, физика, биология пәндері үшін лаборатория, ал айти пәні үшін компьютерлік техника. Интернет. Ауыл түгіл Астананың өзінде 100 мектептің ары кетсе 10-да зертханалық кабинеттер толық шығар.

Айтылған мәселелерді қаузаған материалдың толық нұсқасын ертең, 20.00-де, «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан көре аласыздар!