Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан суицид көрсеткіші бойынша әлем елдері арасында ортаңғы орынға тұрақтаған

  • AstanaTV
  • 19 қаңтар 2018
  • 3830

Қазақстан суицид көрсеткіші бойынша әлем елдері арасында ортаңғы орынға тұрақтаған. Бұл туралы Алматыда «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту» тақырыбына арналған алғашқы халықаралық конференцияда Халықаралық психиатриялық ассоциация маманы, профессор Владимир Карли айтты. Оның мәліметінше, жыл сайын әлемде жасөспірімдердің 67 мыңға жуығы көз жұмады екен. Сол себепті, алдын-ала анықтау, кешенді көмек көрсету және талапқа сай маман тәрбиелеу ісі басты міндеттердің қатарына еніп отыр.

Онымен күресудің бір тармағы ретінде Үкімет осыдан үш жыл бұрын Қызылорда облысында пилоттық жобаны қолға алды. Нәтижесінде, психологиясы бұзылған балалар 4 есеге қысқарған. Енді бұл бағдарлама әр өңірге таратылмақ.

Владимир Карли, Халықаралық психиатриялық ассоциация маманы, профессор:

Суицид емделеді. Бірақ толық деп айту қиын. Көбіне қысқа мерзімдік түсіндірулер ғана жүргізіледі. Бұл дұрыс емес. Психологиясы бұзылған балаға бірнеше санаттан тұратын кешенді емдік шаралар көрсеткен жөн. Сонда ғана нәтиже болады. Ал, ол үшін жасөспірімдермен тығыз байланысқа түсе алатын жақсы мамандар даярлау қажет. Қазақстан соңғы жылдары суицидтің маңызды мәселе екендігін ескеріп, ерекше мән беріп келеді. Азия елдері арасында алғашқы болып арнайы бағдарлама енгізуі - үлкен жетістік.