Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда аутизмге шалдыққан балалардың сурет көрмесі өтті

  • AstanaTV
  • 19 қаңтар 2018
  • 6595

Тумысынан бұйырған талант, таңғалдырған дүние. Алматыда аутизмге шалдыққан балалардың қолынан шыққан керемет туындылар көрмесі ашылды. Туынды авторлары: Алан Мұхитдинов пен Әлібек Қаратай. Олар Әбілхан Қастеев атындағы орталық мұражайға осы уақытқа дейін салған жүзге жуық жұмысын әкелген.

Сәби шақтарынан оларға психологиясы бұзылған деген диагноз қойылғанымен, өнерге қолбайлау бола алмаған. Туындылар әр жанрды қамтиды. Ал, көрмені ұйымдастыруға аутизммен ауыратын балаларға жиі көмектесетін «Darai» және «Pionerconcep» қоғамдық қорлары қол ұшын созған. Ерекше балалардың бірегей туындыларын көремін деушілерге 30-шы қаңтарға дейін есік ашық. Ұйымдастырушылар басқа да дертті балалардың туындыларын көпшілік назарына ұсынуды жоспарлап отыр.

Айман Тұңғышбаева, "Darai" қайырымдылық қорының жетекшісі:

Бұл өмір үшін күрескен балалардың ең үлкен жеңісі. Осы арқылы олардың дені сау жандар секілді мақсат қоя алатындығын, жұмыс істей білетіндігін, ақша табуға əрекет ететіндігін дəлелдеп отырмыз. Əрі барша Қазақстандағы ата-аналар балалары үшін күресе білуіне жол көрсеттік.

Əлібек Қаратай, мүсінші:

Мен фильм көргенде, оның ішінде ылғи да жеңіске жете білетін кейіпкерлердің əрекетіне назар аударғанды ұнататынмын. Соларды жасап шығардым. Менің де қолымнан іс келетінін көрсеткім келді.