Қаңтардың
22-сі мен 26 аралығында елдің бірнеше облысында аяз -45 градусқа дейін
күшейеді. Бұл туралы "Қазгидромет" ескерту жасады. Ол Қостанай,
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстары мен
Астана қаласы. 24-ші қаңтарда сақылдаған сарышұнақ аяз тіпті күшейеді. Күндіз
ауа температурасы -24 градустан кем болмайды. Кей жерлерде ол -35 градусқа
дейін жетпек. Ал түнде бұл аймақтарда далаға шығу қауіпті. Сынап бағанасы -35
пен -45 градус аралығында болмақ.