Русский Сайттың толық нұсқасы

Қаңтардың 22-26 аралығында -45 градус аяз болады

  • AstanaTV
  • 19 қаңтар 2018
  • 6287

Қаңтардың 22-сі мен 26 аралығында елдің бірнеше облысында аяз -45 градусқа дейін күшейеді. Бұл туралы "Қазгидромет" ескерту жасады. Ол Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстары мен Астана қаласы. 24-ші қаңтарда сақылдаған сарышұнақ аяз тіпті күшейеді. Күндіз ауа температурасы -24 градустан кем болмайды. Кей жерлерде ол -35 градусқа дейін жетпек. Ал түнде бұл аймақтарда далаға шығу қауіпті. Сынап бағанасы -35 пен -45 градус аралығында болмақ.