Русский Сайттың толық нұсқасы

2018 жылы энергетика министрлігі отандық авиакомпаниялардың авиакеросинге деген қажеттілігін 70 пайызға жабады

  • AstanaTV
  • 22 қаңтар 2018
  • 2611

2018 жылы Энергетика министрлігі отандық авиакомпаниялардың әуе отынға деген қажеттілігін 70 пайызға жабады. Үкіметтің баспасөз орталығында брифинг өткізген Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай деді. Қазір ұшақтарға қажетті отынды тек Шымкент мұнай өңдеу зауыты өндіріп отырған көрінеді. Ол сұраныстың 50 пайызын ғана жауап отырғанын айтты министр. Қанат Бозымбаев құжат машақаты болмаса, авиа отын қажеттілігін 100 пайызға жабуға мүмкіндігіміз бар деді.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Биыл біз 50 пайызын емес, жаңғырту жұмыстары аяқталғандықтан Павлодар мұнай өңдеу зауыты авиа керосин өндіруге дайын. Бірақ әуе отын түрлері көп. Біздегі нарықта Ресей стандарты ТС-1 болды. Павлодар және Атырау зауыттары енді JET-A стандартын шығаруы керек. Бірақ оның машақаты көп. Сондықтан РТ - реактивті отын стандартын екінші тоқсаннан бастап жасауға көшеміз. Ол стандартты барлық авиакомпаниялар қолдана алады. Сондықтан биыл өндірісті 70 пайызға жеткіземіз деген мақсат қойып отырмыз.

Қанат Бозымбаев сонымен қатар, полиэтилен қалталарын қолдануға тыйым салу мәселісін министрлік зерттеп жатқанын айтты. Өйткені 2019 жылдан бастап полиэтилен сияқты зиянды қалдықтарды қоқыс полигондарына көмуге тыйым салынатын көрінеді. Дегенмен қымбат емес қалтаның өзге түрі табылмайынша, полиэтилендерге тыйым сала алмаймыз деді министр. Қанат Бозымбаев, сондай-ақ, ОПЕК+ келісімі бойынша Қазақстан өз міндетемелерін толығымен орындап жүргенін жеткізді.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Қазақстан былтыр орташа тәулікте 1 млн 720 мың баррель мұнай өндірді. Біздің міндетіміз сол шарт бойынша - 1 млн 700, -20 мың баррелі. Жалпы айтқанда біз жоғары 40 мың баррель жоғары кеттік. Ол үлкен көрсеткіш емес, туындап отырған, бүкіл дүние жүзі мұнай саласы үшін ешқандай проблема жоқ.