Русский Сайттың толық нұсқасы

Өзін өзі жұмыспен қамтығандардың мәртебесі заңмен анықталады

  • AstanaTV
  • 22 қаңтар 2018
  • 2533

Өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың мәртебесі заңмен анықталады. Бүгін мәжілісте әлеуметтік қамсыздандыру бойынша заң жобасының таныстырылымы өтті. Бүгінде елде 2,5 млн адам өзін өзі жұмыспен қамтығандар санатында.  Осылайша, жалпы атауға ие, мәртебесі анықтамалған тұрғындар үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасын енгізу 4-5 жылға кейінге қалдырылған. Қазір мәжілісте қаралып жатқан заңда өзін өзі жұмыспен қамтығандардың атын атап, затын түстеп, толық жіктеу туралы жазылған.

Нұржан Әлтаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:

Теперь точечно будем указывать, кто это. Не просто обобщённо "самозанятый", а будем указывать - это ИП, это нотариус, этот занимается адвокатской деятельностью, и всё это будет прямо предусмотрено в законопроекте.

Сондай-ақ, заң жобасында қоғамда көптен талқыланған мәселе, мүгедектердің күтіміне бөлінетін жәрдемақы 18 жастан кейін де жалғасады делінген. Зейнеттегі арнайы мемлекеттік орган өкілдеріне бөлінетін жерлеу қаражаты үш айлық зейнетақыға дейін өседі,- деді вице-министр. Ал, туған жерге материалдық көмек көрсететін қалталы азаматтардың әрекеті бұдан былай "қайрымыдылық" деп есептеледі. Демек, олар салық бойынша жеңілдіктерге ие болады. Заңды іске асыру үшін алдағы үш жылға бюджеттен 100 млрд теңге бөлу қаралған.