Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда оқушы балаға оқ тиді

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2018
  • 3114

Оралда оқушыға оқ тиді. 14 жастағы жасөспірім мойнынан жараланған. Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің мамандары хабарлағандай, оқиға 21 қаңтар күні болған. Мойын омыртқасынан оқ тиген 14 жастағы оқушы, облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген. Жергілікті нейрохирургтер оны аман алып қалу үшін, күш салып жатыр. Ал БҚО ІІД баспасөз қызметі оқыс оқиғаның қалай болғаны туралы нақты ақпаратты кейінге қалдырып отыр.

Нұрданат Беркінғали, БҚО денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары:

Жасөспірімнің жағдайы әлі ауыр, бірақ қалыпты деп бағаланып отыр. Қазір жансақтау бөлімінде. Тиісті ем-домның бәрі жасалып жатыр.