Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл Таразда экологияға зиянсыз 20 электроавтобус қатынамақ

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2018
  • 2800

Биыл Таразда табиғатқа зиянсыз, заманауи 20 электроавтобус жолаушылар тасымалдамақ. Жанармайсыз жүретін техника қала ішінде 2 бағыт бойынша жолға шығады. Сондай-ақ, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен кептелісті азайту үшін «ақылды бағдаршамдар» қолданылатын болды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Тараздағы филиалының кезектен тыс 22-ші конференциясында айтылды.

Жаңа жоба Елбасы жолдауындағы бесінші бағыт, яғни заманауи технологияларды қолдану тасырмасына сай жүзеге аспақ. Осыған орай, Таразда әлем елдерінің озық 105 жаңа жобасын қолдану бойынша жол картасы бекітіліпті. Ал, жолдаудағы 7-ші тапсырма «білім берудің жаңа сапасын жетілдіру» бойынша Таразда білім беру саласын қаржыландыруға биыл 23 млрд 36 млн теңге бөлінген. Шаһарда биыл тағы 3 мектеп салынбақ. Жиын барысында алдағы ақпан айында болатын облыстық партияның конференциясына 54 делегат сайланды. Енді олар Жамбыл облысының жаңа әкімін облыстық партия филиалының төрағалығына сайлауға қатыса алады. 

Шәбден Тілеумұрат, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

Елбасының кезекті жолдауы барлық бастауыш партия ұйымында облыс бойынша талқыланып, 337 бастауыш партия ұйымында тиісті шешімдер қабылданды. Жолдауды талқылауға облыс бойынша 70 мың партия мүшесінің бүгінгі күнге 59 мыңы қатысып отыр. Ал, содан басқа да ашық партия жиналысы болғандықтан, біз жергілікті жердегі партия мүшесі емес, екіншіден, партияның жақтаушылары 250 мыңнан аса азаматтар қатысып отырғанын айта кетуіміз керек.