Оралда мойнына оқ тиген мектеп оқушысының жағдайы әлі де ауыр. Кейбір ақпарат көздерінің хабарлауынша, жеткіншек облыстағы құзырлы орган шенділерінің бірінің баласы деген ақпарат тарады. Алайда, не ішкі істер департаменті, не облыстық прокуратура өкілдері 3 күннен бері жақ ашпай отыр. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары оқиға 21-қаңтарда болғанын жеткізді. Бүгін жасөспірімнің ата-анасы дәрігерлерге баласының жағдайы туралы ақпарат беруге тыйым салған. Белгілісі, бала әлі де жансақтау бөлімінде.
Александр Гехман, БҚО көпбейінді балалар ауруханасы директорының орынбасары:
«Денсаулық
сақтау және халық денсаулығын қорғау» заңына сай науқас туралы ақпарат бөтен
тұлғаларға ата-анасының рұқсатымен немесе құзырлы органдардың рұқсатымен ғана
беріледі. Ал баланың ата-анасы сұхбат бергенімді қаламайды. Сондықтан сіздерге
ештеңе айта алмаймын.