Сақылдаған
сары аяз әлі 3 күн қатарынан сақталады. Мұны "Қазгидромет" мамандары
хабарлады. Үскірік аяз қалыпты нормадан -3 градустан -23 градусқа дейін төмен.
Оған қоса елдің 3 аймағында жел күшейеді. Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан
облыстарында екпіні секундына 30 метрге жететін дауыл тұрады. Мамандар бұл
аймақтарда дабылды ескерту жасады.