Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық қорға тиесілі 22 млрд доллар Голландия соты шешімен бұғаттаудан босатылды

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2018
  • 1788

Ұлттық қорға тиесілі 22 млрд доллар Голландия соты шешімен бұғаттаудан босатылды. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлайды. Онда: "Амстердам қаласының Округтік соты Bank of New York Mellon банкі сақтап отырған Ұлттық қор активтерін "шектеуден шығару" жөнінде Ұлттық банк пен үшінші тарап ретінде қатысқан Әділет министрлігінің ұстанымын мойындап, Ұлттық қорға қол сұғылмайтындағын мәлімдеді",- делінген.

Еске салсақ, молдавалық инвестор Александр Стати, 2010 жылы іске аспай қалған мұнай өндіруге қатысты жобаның өтемі ретінде, Қазақстанды сотқа беріп, 500 млн доллар талап еткен. Енді Статидің өзі соттасуға кеткен, қазақ тарапының бар шығынын өтейтін болады.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" партиясының жетекшісі:

Жеке компаниялар арасындағы дауда өзіміздің ұлттық қорымыздың, болашақ ұрпақтарымыздың ақшасымен ойнауға болмайды. Бұл Статидің жағдайы тиісті мемлекеттік органдарда бір сабақ болсын дегім келеді.