Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістанда банкоматтан ақша алған келіншектің мәйіті табылды

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2018
  • 3328

Оңтүстік Қазақстанда банкоматтан ақша шығарып алған соң жоғалып кеткен 24 жастағы келіншектің мәйіті табылды. Оны құзырлы органдар екі апта бойы іздеген еді. Күдікке такси жүргізушісі іліккен. Оқиғаның мән-жайын әріптесім Айзада Төребекқызы баяндайды. 

Күтумен болдым. Есік сықыр етсе, жүгірем. Біреудің қолынан өледі деп мүлдем ойламадым.

Марқұм Әйгерім Тастанбекованың анасы қызынан қапыда айрылып қаламын деп әсті ойламаған. Оның артында 3,5 жасар қызы мен 5 жасар ұлы қалды. Ата-анасының айтуынша, Әйгерім 6-қаңтар күні таңертеңгісін үйінен шығып кеткеннен оралмаған. Тек араға екі жеті салып қаралы хабар жетіпті. 

Жақсыбек  Жұмабеков, әкесі:

Органдардың айтуы бойынша, қамыстардың арасынан тауып келдік деді. Қызымның мәйітін өзім көрдім барып. Аяусыздықпен, айуандықпен өлтірген. Адам шошырлықтай. Беті аузы тынымастықтай жағдайда. Тек денесі мен төмен жағынан танисың, болды.

Оқыс оқиға болар күні Әйгерім банкоматтан ақша алуға барған екен. Туыстарының сөзінше, үй ішіндегілер 200 мың теңгеге жуық ақшаны ала кел деп тапсырыпты. Кейіннен белгілі болғанындай, қомақты қаржы алып жатқан сәтін сырттан бажайлап тұрған такси жүргізушісі әдейі күтіп тұрып, көлігіне алдап отырғызып алыпты,- дейді ата-анасы. Ананың айтуынша, әуелі қызының қалта телефоны табылған.

Дариға Айдарова, анасы:

Бір аптадан кейін соткасы табылды бұның. Сонымен бір аптадай органдарда болды соткасы. Сосын мен айттым, жаңағы баламен сөйлесейін, таксистпен деп. Сонда ол бала айтқаны «менің екі балам бар, Әйгеріммен мүлдем қатысым жоқ» деді. 

Туыстарының білуінше күдікті марқұмның жеке заттарын иемденіп, тіпті қалта телефонын сатып жіберген. 

Оны сол күні өлтіреді. 6-сы күні өлтіреді да, 7-сі күні сотканы азанда спокойно сатады. Ол қалай сонда... ол мен білмеймін, ..бұрын-соңды сондай қылмыспен айналысқан бала ма?

Марқұмның туыстары күдікті әділ жазасын алсын деп отыр.

Айзада Төребекқызы, тілші:

Осы жәйтке орай облыстық ішкі істер департаменті берген мәліметке сүйенсек,  24 жастағы келіншекті өлтірді деген күдікті қазір қамауға алынған. Ол Түркістан қаласының 1993 жылы туған тұрғыны. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ