Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық қорғаныс университеті киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мамандар даярлай бастаған

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2018
  • 3775

Назарбаев атындағы Ұлттық қорғаныс университеті "киберқауіпсіздікті" қамтамасыз ету бойынша мамандар даярлай бастады. Мақсат - шекара шебін ғана емес, ақпарат легін де қауіпсіздікте ұстау. Осы мақсатта НАТО, Пентагон сынды әскери ұйымдармен сан жылдық қостараптық меморандумдарға қол қойылған. Ендігіде оқу орынынан білім алатын әскерилер негізгі біліммен қатар ағылшын тілін де үйреніп, артынша сол білімді АҚШ-та жалғастырады. Мұнан өзге Ресей, Қытай, Үндістан және көршілес елдермен әскери бағыттағы білім жетілдіру мақсатында әріптестік одан әрмен бекіп келеді. Мұны оқу орнының мамандары сенаторлар барған кезде айтты. 

Асхат Рыспаев, Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, генерал-майор:

Біз көптеген елдердің әскери оқу орындарының мақсат - міндеттерімен танысып шықтық. Бүгінде  қарулы күштері күшті дамыған - ол НАТО елдері. Әскери білім беруде АҚШ-тың ЖОО-ын атап өтсек болады. Сол елмен бізде екі жақта қарым-қатынас орнаған. Қараша айында біз жұмыс тобымен АҚШ -қа барып, Пентагонмен 10 жылдық қарым-қатынас жөнінде келісімге келдік. Алда жаңа бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіледі. 

Биыл Қазақстан жалпы қорғаныс саласына 470 миллиард теңге қаражат бөлді. Нәтижесінде, оқу орыны әдетте 200-ден астам магистр дайындап шығарса, биыл 420-магистр түлетпек. Студенттер жаңа технология саласына да мықтап кіріскен. Мысалға, ұшқышсыз ұшатын шағын ұшақ ойлап тауып, оны тіпті қызметте пайдаланып жүр. Оқу орынын аралап көрген Парламент Сенатынының, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне мүше депутаттары саланың Елбасы тапсырмасына сай сандық жүйені мықтап қолға алып, заманның аяқ алысымен тең келе жатқанын айтты.