Қостанайда
мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел теннисінен облыстық жарыс өтті. Спорттық шара «Нұр Отан» партиясының
«Кедергісіз келешек» жобасы аясында
ұйымдастырылып отыр. Астана қаласының 20 жылдығына арналған жарысқа
жиырмаға жуық адам қатысты. Күн райының суықтығына байланысты өзге қалалар мен
аудандардан спортшылар келе алмай қалды.
Турнирді билік партиясымен бірге
«Үміт» қоғамдық бірлестігі үшінші рет өткізіп отыр. Спорттық сайыс үстел
теннисімен айналысатын мүмкіндігі шектеулі жандардың шеберлігін шыңдап,
халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді. Бұған дейінгі
турнир жеңімпаздары ел құрамасына ілігіп, арнайы стипендия алып жүр.
Рауза Смағұлова, жарысқа қатысушы:
Международныйда
өте мықтылар ойнайды ғой шетелге шығып жүргендер. Сол 16 команданың ішінен мен 4 орынға шықтым. Биыл мені республикалық
құрамаға қосты. Стипендияға іліктің деген жақсы жаңалық айтып жатыр. Әлі де
өзімді көрсетем деп олаймын. Бірінші орынға, республикаға шығуға тырысамын.