Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте бәйшешек гүлдеді

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2018
  • 5036

Шымкентте бәйшешек бүр жарды. Оңтүстік Қазақстанда соңғы төрт тәулікте құдды көктем келгендей. Синоптиктердің мәліметінше, 20 қаңтардан бері аймақта ауа-райы +17 градусқа дейін жылылықты көрсетіп тұр. Қыстың қақ ортасындағы бұл құбылысты қала тұрғындары байқапты. Шаһар сыртындағы атырапта көктемнің нышанындай өскіннің қаптай шығуын жергілікті жұртшылық сирек жағдайға балап отыр. Оңтүстікте тіпті ағаштардың кейбірі бүр жара бастады. Алайда, аймаққа суық ауа ағыны келе жатыр. Күндіз 3-8 градус нөлден төмен болса, кей жерлерде 18 градус суықтықты көрсетеді деген болжам бар.