Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскемендік орнитологтар аязды күндері құстарды қоректендіруге шақырады

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2018
  • 2922

Шығыс Қазақстандағы қытымыр аяз аймақ тұрғындарының ғана емес, құстардың да жағдайын қиындатқан. Орнитолог Борис Щербаковтың айтуынша, биылғы жыл облысқа бозшымшықтар көптеп ұшып келген. 50 және одан да көп қызылтөсті құстардың тобын, қала көшелерінен жиі кездестіруге болады. Бұл ормандағы азықтың сарқылғанын көрсетеді. Суда жүзетін қанаттылар саны да  азайған. Сондықтан тұрғындар Ертіс өзеніндегі үйректерді жемдеуді қолға алды. Жергілікті май зауыты бұл науқанға күнбағыс тұқымын арнайы бөлген. Алайда, мамандар мұны жеткіліксіз деп отыр. Ғалымдар, азыққа арналған астаулар салғаннан пайда жоқ, дейді. Олардың пікірінше, көбін қар басып қалады, барына жем шашу қиын. Дән, нан қоқымы мен шемішкені саябақтағы, көшелер мен аялдамадағы арнайы тазартылған алаңдарға шашуды ұсынады.

Борис Щербаков,  орнитолог:

Құстардың дені суықтан емес, аштықтан қырылады. Алдымызда қыстың ең ауыр айы ақпан келе жатыр. Осы кезде шөпті жел ұшырып әкеткен, жем де жоқ. Қоректену қиындап кетеді. Сондықтан құстарды қысты күні жемдеу өте қажет деп санаймын.