Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан теннисшілері Дэвис кубогының 1/8 финалына дайындық үстінде

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2018
  • 2434

Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының 1/8 финалына дайындықтарын пысықтап жатыр. Қарсылас - Швейцария құрамасы. Алайда өтініште Федерер мен Вавринкидің есімдерінің жоқтығы біздің құрамаға қатты ұнай қоймаған сияқты. Себебі аталмыш спортшылар болса, ойын көркі кірер еді деген пікір бар. Бірақ мықтылар жоқ деп, босаңсуға болмайды, дейді спортшылар 

Михаил Кукушкин, теннистен ұлттық құрама мүшесі:

Бізге талай-талай мықты дегендер келген еді. Дегенмен біз оларды жеңіп кете алдық. Сондықтан рейтинг дегенге сенбей, ойынға дайындықпен кірісу керек. Оңай жеңістің болмайтыны анық.

Бүгін теннисшілерге дайындық жүргізуге астаналық балалар үйінің тәрбиеленушілері келді. Әлеуметтік бағдарламалар эмоционалдық тұрғыда мықты болуға көмектеседі, дейді теннисшілер.

Александр Недовесов, теннистен ұлттық құрама мүшесі:

Бізге балалармен жақсы көңіл-күйлерімен бөлісу қатты ұнады. Оларда бізден барынша үйренуге тырысып жатыр. Сондықтан бұл тәжірибе алмасу десек те болады. Біз мұндай шараға қуана қатысамыз.