Қайғылы
оқиғаға орай Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Корея
Республикасының президенті Мун Чже Инге көңіл айту жеделхатын жолдады. Онда: «Осынау қайғылы сәттерде корей халқымен бірге екенімізді жеткізгім келеді. Қаза
болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтаса отырып, зардап шеккендердің
тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», - делінген.