Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жас Отан» жастар қанаты орталық кеңеске кандидаттыққа үміткер жастарға ашық сайлау жариялады

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2018
  • 2453

«Жас Отан» жастар қанаты орталық кеңеске кандидаттыққа үміткер жастар арасында тұңғыш рет ашық сайлау жариялады. Оған кез келген әлеуметтік топ мүшелері қатыса алады. «Жас Отан» жастар қанатының көшбасшылар тобы өңірлерді аралап жұмысшы жастар арасында ашық сайлау туралы ақпарат таратуға кіріскен.

Бүгін жұмыс тобы Теміртау қаласында металлургиялық кәсіпорын жастарымен кездесті. Белсенділердің мақсаты - әр сала жастарының мүдделерін қорғау. Сондықтан «Жас Отанның» орталық кеңесіне дәл осы жұмысшы жастардың өкілін тарту жоспарланған. Кандидаттар кезектен тыс ІV съезге қатысып, дауыс жинау арқылы сайланады.

Данияр Сүндетбаев, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:

«Жас Отан» қазіргі таңда үлкен модернизациядан өтіп жатыр. Және де ең басты мақсаттарымыздың бірі - елімізде проблемаларды, ұсыныстарды ашық айтатын және ашық сөйлейтін қоғамды қалыптастыру».