Русский Сайттың толық нұсқасы

ДАИШ содырлары Ауғанстандағы әскери академияға жасалған шабуылды өз мойнына алды

  • AstanaTV
  • 29 қаңтар 2018
  • 2096

Кабулдағы әскери академияға жасалған шабуылды ДАИШ содырлары мойнына алды. Арнайы жасақ оқу орнындағы лаңкестік әрекетке қатысқан барлық террористің көзін жойған. Рейтерстің хабарлауынша, бес лаңкестің төртеуі өлтірілген. Біреуі ұсталды, ол соңғы сәтке дейін академия аумағында жасырынған.

Еске салайық, бүгін таңертең Ауғанстан астанасындағы жоғары оқу орнына террористер оқ атқылады. Операция кезінде бес ауғандық әскери азамат көз жұмды. Тағы он адам жараланған. Осыдан екі күн бұрын қала орталығындағы жедел жәрдем ауруханасына шабуыл жасалып, жүзден астам адам опат болған еді.